Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-нің 12 сынып оқушылары жыл басталғалы бері «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тәлімгерлік бағытында «Логика», «Ораторлық өнер» және «English time» сабақтарын өткізіп келген еді.
Енді міне, "1 маусым - балаларды қорғау күні" қарсаңында аталмыш жоба сәтті қорытындыланды. Курсты аяқтаған 15 оқушыға сертификат табысталды. Шаңырақ балалар үйінің директоры НЗМ оқушыларына және жетекшісіне алғысын айтты.
"Өзімізден кейінгі буын іні-сіңлілерімізге түрлі бағыттағы сабақтар өткізу бізге де үлкен тәжірибе болды. Әрі, олардың білім көкжиектерін кеңейтуге сәл де болса үлес қоса алған болсақ, оған өте қуаныштымыз," - дейді түлектер. Әдемі дәстүр келер жылы да жалғасын таппақ.