Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жаңа көшбасшысын ұлықтау рәсімі өтті

Өткен ай бойы мектеп Президенттігіне үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын өткізіп, тың идеялар мен жобаларын ұсынған болатын.
Дауыс беру нәтижесінде 10Д сынып оқушысы Челик Энес Талип ең көп дауыс жинап, жаңа Президент қызметіне тағайындалды.

Жаңа президентпен бірге мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамы да анықталды. Жаңа президент пен оның командасына табыс тілейміз!