Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де өрт қаупінің алдын-алу бағытындағы жаттығулар пысықталды. Атырау қалалық №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мамандары мектепке арнайы келіп, ұжымның мұндай төтенше жағдайға қаншалықты дайын екендігін қадағалау мақсатында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген болатын. Мамандардың пайымдауымен, мектептің аталмыш оқиғаға дайындық барысы сәйкесті талаптарға сай екендігі анықталды. Ұжым мүшелері мен оқушылар қауіпсіз аймаққа діттеген уақыттан бұрын жетті.