Бүгін Атыраудағы NIS-те апталық аясында оқушыларды әлемдегі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторларды біріктіретін тұрақты даму мақсаттарымен таныстыру, сондай-ақ, өз өңіріміздегі назар аударуды қажет ететін мәселелердің шешімін таба білуге тәрбиелеу мақсатында «Жаһандық мәселелер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Оқушыларымыз тұрақты даму мақсаттарының ішінен бірнеше мәселелерді таңдап алып, оларды жаһандық, ұлттық және аймақтық деңгейде тереңірек зерттеп, постер түрінде ұсынды.

Атап айтсақ, «Сапалы білім беру», «Каспий теңізінің ластануы», «Көлік жолдарының сапасы», «Ауаның ластануы» және «Судың ластануы» мәселелерінің пайда болу себептерін, салдарын және оларды шешу жолдарын атап өтті.

Шараға қатысушылар оқушылардың зерттеуін тыңдап болған соң, толғандырған сауалдарын жолдады.
Ал, мұғалімдер зерттеу жұмыстарын жоғары бағалай отырып, болашақта әрі қарай STEM жобаларында дамытуды ұсынды.