Атыраудағы NIS-тің 7-сыныптарында оқу үшін 5-сынып оқушыларын конкурстық іріктеуден өтуге дайындау мақсатында «Виртуалдық мектеп» ақпараттық жүйесі жұмысын жалғастыруда.
 
Виртуалдық мектеп – бұл қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимде оқуға мүмкіндік беретін қосымша білім беру жүйесі.
Виртуалдық мектеп сайты vs.nis.edu.kz.
 
5-сынып оқушыларына арналған Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:
• оқушыларды тіркеу 2023 жылдың 27 наурызынан 14 мамырға дейін;
• оқу мен ағымдағы бағалау 2023 жылдың 10 сәуірінен 14 мамырға дейін;
• қорытынды тестілеуден өту 2023 жылғы 8 мамырдан 14 мамырға дейін.
 
Қосымша ақпаратты келесі нөмір мен электрондық пошта бойынша алуға болады:
+7(7122) 558 551
info@atr.nis.edu.kz