26 мамыр мен 3 маусым аралығында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-8 сынып оқушыларын ағылшын тіліне арналған тегін «Жазғы мектепке» қатысуға шақырады.

Ал 30 мамыр мен 10 маусым аралығында 10-сынып оқушылары үшін «IELTS тапсырмаларын орындауда коммуникативтік стратегияның басымдықтары» атты ақылы түрдегі ағылшын тіліне арналған «Жазғы мектеп» жұмысын бастайды. Қатысушылар үшін сабақтан кейін қосымша үйірмелер арастырылған.

Курс жөнінде толық ақпарат алу үшін «Жазғы мектептің» www.summerschool.nis.edu.kz ресми сайтына өтіңіз! 

Тел. + 7 (7122) 558-551