«Алтын емел» шаңырағының оқушылары №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Басты мақсат – орталықтағы қарияларға құрмет көрсетіп, әдемі әсер сыйлау болатын.

Оқушылар қариялармен бірге ән айтып, би билеп, түрлі тәттілер тарту етіп, көңілдерін көтеріп, ерекше әсерге бөледі. Көнекөз ата-әжелер балаларға алғыстарын жаудырып, баталарын берді.