Атыраудағы NIS-те ұстаздар күні ерекше атап өтілді. Ардақты мұғалімдер легін төл мерекелерімен құттықтаған мектеп директоры Ерали Бижанов бірқатар ұстазға Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ төрағасы Ануар Жанғозиннің алғыс хатын, сондай-ақ, өзінің атынан марапат табыстады.

Әсерлі ән, күмбірлі күй, мың бұралған бимен өрнектелген кеш барысында көңілді тапқырлар клубының оқушылары да салмақты әзілдерімен көпшілік көңілінен шықты. Оқушылар ұстаздарды өз ракурстарымен бағалап, түрлі атақ беріп, марапаттады. Көңілді кеш жиылғандарға ерекше әсер сыйлады.