Назар аударыңыз! Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

- өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;
- құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды!

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (арызды қабылдау комиссиясында толтыруға болады немесе мына жерден жүктеп толтырып апарады)
2) Ата-ана мен оқушы туралы деректер сауалнамасы (арызды қабылдау комиссиясында толтыруға болады немесе мына жерден жүктеп толтырып апарады)
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады).
Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7 сыныбында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныбында қайта білім алуға құқықтары жоқ;
Оқу бағдарламасы мен бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттары оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.
5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.
6) Барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 беттік файл папкаға салынады.

Кешенді тестілеу 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді:

2 наурыз, 2023 жыл – Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті:
- «математика»; ,
- «сандық сипаттамалар»;
- «жаратылыстану»;

3 наурыз, 2023 жыл – Тілдік тестілеу
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі

Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады. Конкурстың нәтижесі бойынша соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.
Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.