Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына түсуге дайындау мақсатында Виртуалды және Каникулярлық мектеп жобалары жұмыс жасайды.
Жобалардың мақсаты – Елбасының «Өркен» білім беру грантының негізінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға конкурстық іріктеуге дайындық бойынша 5 және 6-сынып оқушыларына арналған тегін алаң құру.
Виртуалды мектеп «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқудан өтуге, өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауға және онлайн форматында қашықтықтан қорытынды тест тапсыруға мүмкіндік береді. Қорытынды тестілеу бойынша ең жоғары балдың 50 немесе одан жоғары пайызын жинаған оқушылар Зияткерлік мектептер базасында өтетін күндізгі сабақтар және конкурстық іріктеу тестілеуінің бейіндік пәндері бойынша кеңес алуға Каникулярлық мектепке шақырылады.
Виртуалды және Каникулярлық мектептерде оқу оқушыларға Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге дайындықты бастауға, оқудың тиімділігін арттыруға, қажетті дағдыларын шыңдауға және оқуға ынталарын арттыруға көмектеседі.