Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасы саладағы инновацияларға бағдарлана отырып, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ақпараттық қамтамасыз ету, кітапханалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға арналған. Осылайша әдебиеттер қорларының құрамын өзгертуге, шығармаларды жинақтаудың заманауи тәсілдерін айқындауды және жұмыстың жаңа әдістерін енгізуге басымдық жасайды.
Кітапхана қызметінің негізгі мақсаттары:
Оқу-тәрбие үрдісін білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету,
Оқушылар мен педагогтарды кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметтермен толық көлемде қамту;
Оқушылардың бойында тәуелсіз кітапханалық-ақпараттық пайдаланушы дағдыларын қалыптастыру;
Зерттеу және өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау;
Дәстүрлі кітапханалық технологияларды жетілдіру және жаңа кітапханалық технологияларды игеру.
Кітапхана ресурстарымен қамтамасыз ету, кітапхананы жабдықтау және техникалық жабдықтау;
2021 жылғы 10 маусымдағы жалпы кітап қоры – 29796 дана кітапты құрайды, оның ішінде: қазақ тілінде-10500 дана, орыс тілінде-10200 дана және ағылшын тілінде-9096 дана. Әдебиеттің негізгі бөлігі Macmillan, Oxford, Cambridge, Express Publisher, Longman және т.б. қазақстандық, ресейлік және шетелдік баспалардан келіп түседі.
Мектеп кітапханасының қоры білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптасады. Қорды әдебиеттермен жасақтау кезінде кітапхана пайдаланушыларының әртүрлі жас ерекшеліктері, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық және білім беру қажеттіліктері ескеріледі.