Актерлік шеберлік клубы сахналық драма мен Көлеңкелер театры сияқты екі бағытта жұмыс істейді. Көркемөнер тобының жетекшісі - қосымша білім беру педагогы Арман Нығманов.

Атырау қаласындағы НЗМ-ң драма үйірмесі - оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашудың, жеке тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеудің жақсы мүмкіндігі. Балалар қоршаған ортада қызықты идеяларды байқауға, оларды жүзеге асыруға, кейіпкердің көркемдік бейнесін жасауға үйренеді, олардың шығармашылық қиялы, ассоциативті ойлауы, әдеттегі ерекше сәттерді көре білуі дамиды.

Көлеңкелер театры - балаларға қолжетімді және көрікті өнер түрлерінің бірі, өйткені ол балалардың белгілі бір ерекшеліктерін ескере отырып, баланың эмоциялық санасына ықпал етеді. Мектеп көлеңкелер театры оқушыларға икемділікті, физикалық төзімділікті, командада жұмыс істей білуді дамытуға және жаңа ұжымдық бейнелерді жасауға мүмкіндік береді.

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлеңкелі театрына қатысушылар XV Дельфий ойындарының өңірлік іріктеу турында І орынды жеңіп алды. «Менің Қазақстаным!» көлеңкелі театрының сахналық композициясы атыраулық балалардың үздік еңбектерінің бірі болып танылды.

Атырау қаласының көлеңкелер театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған салтанатты шараның концерттік бағдарламасының шымылдығын ашты.

NIS көлеңкелер театры Украинаның «Тэулис» көлеңкелер театрының шеберлік алмасу дәрсіне қатысты. Тәжірибе тарату аясында шығармашылық команда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай композиция дайындады. «Тэулис» көлеңкелі театрының режиссері Виталий Сусловец пен театр актрисасы Алина Нименко көлеңке театрының актерлеріне жаңа сұлбаларды жасауды үйретті.

Қазіргі уақытта драма үйірмесінің репертуарында 20-дан астам қойылым бар.