Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының арасында ерекше қызығушылықты оятып, балалардың шығармашылық қабілетін арттырып келе жатқан үйірменің бірі – мектеп жанындағы медиа клуб.
«NIS press» жас тілшілер клубында жиырмаға жуық 9-12 сыныптардан жиналған оқушылар бар. Олардың ортақ қызығушылығы: фото мен видео, киноматография, баспа және әлеуметтік желілердегі маркетинг. Дарынды жастардың ойы мен мақсаты бір: қазақ тілді медианы дамыту.
Медиа клуб екі бағытта жұмыс істейді. 1-бағыты фото-видео, тележурналистика және 2-бағыты мектеп журналы. Медиа клубы оқушылары облыстық және республикалық шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері.
Мектеп медиа клубының басты жетістіктері:
«Арман асуы» атты алғашқы қысқа метражды фильм (Ләззат Құбашқызының отбасына көмек көрсету үшін NIS оқушыларының қайырымдылық акциясы)
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің медиа-клубына қатысушылар фотокөрме ұйымдастырды. Дамир Алтайұлы мен Томирис Көшекенова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған PHOTOCAMP 2021 жазғы элективті курста оқыды. Фотокөрмеде қоршаған ортаның тақырыптары, адамдардың табиғатпен өзара байланысы, өнеркәсіптік аймақтың экологиясы көрсетілген.
Медиа клубтың қатысушылары «Қазақстан үміті» республикалық байқауының Гран-при иегерлері.
Мектеп медиа-клубының мүшелері, Асылан Абдолов пен Расул Жолшыбек «Үздік жас тілші» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды. Ал Томирис Көшекенова" Үздік жас фотограф "және Дамир Алтайұлы" Үздік жас мобилограф "номинациясында гран-при иегерлері атанды.
Клуб жетекшісі: қосымша білім беру педагогы Ануар Джаманкулов