Абылайхан Марат 100 келіге дейінгі салмақта грэпплинг күресінен Қазақстан чемпионатында Атырау облысының іріктеу біріншілігіне қатысты және жүлделі 1-орынды иеленді!

Жарысқа қатысушылар саны жеткілікті болды. Абылайхан осы күрес түрімен бір жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Айта кетейік, 2020 жылы ол Атырау іріктеуінің чемпионы атанып, Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Нәтижесінде грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды.