2019 жылдың 12-17 маусым күндері аралығында Қарағанды қаласының "Спас" оқу-жаттығу орталығында өткен «Айбын» халықаралық әскери патриоттық жиынында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әлихан Нұржанұлы мен Бекарыс Сисенбай жүлделі орындарға ие болды. Түрлі әскери клубтардан келген 700-ге жуық қатысушылардың арасында Бекарыс Сисенбай ІІІ-орынға, ал Әлихан Нұржанұлы І-орынға табан тіреді. Оқушылардың жетекшісі, алғашқы әскери-дайындық пәнінің мұғалімі Қуаныш Шариполлаев.