МАҚАЛ СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ

Оқушылардың көркем сөйлеу мәдениеті мен тілдік қорын дамыту мақсатында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Мақал сөздің мәйегі” атты мақал-мәтелдерді жатқа айтудан балалар арасында сайыс өтті. Топқа бөлінген оқушылар салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, оқу-тәрбие тақырыптарына арналған мақалдарды еске түсірді. Аталған шара “Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы аясында өтуде. Оқу жылының соңына дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың бойында отансүйгіштік, ана тілді қастерлеу, салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған ауқымды шаралар өтілуде ідеп күтілуде.