МАТЕМАТИКАДАҒЫ ҮЗДІКТЕР

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстағы дарынды балаларға арналған оқу-орындарының 9-10 сынып оқушылары арасында математикадан “Meisters in Mathematics” байқауы өтті. Ғылымдардың падишасы пәнінен өткен олимпиадада оқушылар топта өнер көрсетті. Олар берілген тапсырмаларды жылдамдыққа шешуден, функционалдық сауаттылық және ойлау қабілеттерін сынаудан өзара сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Дарын мектеп интернаты, ІІ орынды ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия, ал жүлделі І орынды облыстық Жолдасқали Досмұхамебетов атындағы мектеп-лицейі иеленді.