ЖАСТАР БИІККЕ ҰМТЫЛАДЫ

Осындай ұранмен бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары көкке зымырандарды ұшырды. Физика лабораториясында ұстаздармен бірлесіп жасалған сынақ зымырандарда облыстың барлық аудандары мен қала атаулары жазылды. Зияткерлік мектеп жастары барлығын біріктіреді, барлығы биікке ұмтылады деген ниетпен ұшқан зымырандар көрермендерге ерекше көңіл сыйлады.