СПОРТТА БІЗ МЫҚТЫМЫЗ!

Қостанайда Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен спартакиадада атыраулық оқушылар бірінші орынды иеленіп ойынның кубогын жеңіп алды. Ал Орынбасар Ізбасар “Үздік шабуылшы” аталымына ие болса, Жасқайратұлы Расул “Үздік байланыстырушы” аталымымен марапатталды. Зияткерлік мектептің баскетбол және волейбол командасын мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев құттықтап ойыншыларға алдағы сайыстарда сәттілік тіледі.