«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ӨЛКЕТАНУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары үшін дәстүрлі «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы басталды. Биыл атыраулық оқушылар «Кіші туған елге тағзым» жобасы бойынша аймақтағы көне жәдігерлер мекені мен бірқатар мәдени-ағартушылық нысандарды аралайды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін алғашқы сапар Махамбет ауданындағы көне Хан-ордалық Сарайшық мемлекеттік мұражай қорығымен танысудан басталды. Балалар тарихи нысанның қазіргі жай күйін өз көзімен көріп мұндағы мұражай қызметкерлерінен тың деректерді тыңдады.