ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІ — МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының «Ұлы дала мұрагерерлері» шығармашылық есебі Құрманғазы мәдениет үйінің сахнасында гала-концертке ұласты. Мұнда дарынды балалардың орындауында қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдеріндегі бірегей туындылар шырқалды. Зияткерлік мектептегі «100 ән», «100 күй» және «100 кітап» жобасының орындалуы және аталған жобалардың жалпы мазмұны көрермендерге таныстырылды. Сондай-ақ, мектептің көлеңке театрының «Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы қойылымы концерттің ең ерекше сәттерінің біріне айналды. Шара барысында әскери-патриоттық, спорттық секциялар мен арнаулы клубтардың жұмысы да тыс қалған жоқ.