МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін Атыраудағы білім беру мекемелерінің мерекелік шеруі өтті. 7000 мыңнан астам бала қатысқан дәстүрлі шеруде Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да өнер көрсетті. Шараға қатысушыларды облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы құттықтады. Елбасы мектебінде білім алып жатқан оқушылар домбыра, барабан сынды музыкалық аспаптармен сапта жүрді. Шеруде сондай-ақ мектептің черлидерлер жасағы, [...]

ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2018-2019 оқу жылы қорытындыланды. Педагогикалық мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелер қаралмас бұрын мектеп басшысы 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алуға шақырды. Айдарбек Төлепұлы қазақ халқының біртуар ұлдарын атап өтті. Ол әсіресе 30-шы жылдары аштықтан құрбан болған қазақ жұртын ұмытпауға шақырды. Педагогикалық мәжілістің ресми бөлімінде NIS-Program аясында оқушылардың [...]

БЕСІНШІ ОҚУ ТОҚСАНЫ БАСТАЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушүылары үшін қызыққа әрі көңілді сәттерге толы бесінші оқу тоқсаны, яғни Жазғы мектеп басталды. Мұнда балалар оқу жылында алған білімдерін қайталап, толықтыратын болады. Олар үшін лабараториялық сынақтар, кездесулер мен бірқатар ашық сабақтар ұйымдастырылады. 28 мамырда басталған Жазғы мектепке барлығы 428 оқушы қатысуда. Жоба 7 маусымда қорытындыланады. Ал 10-21 маусым күндері аралығында облыстағы [...]

КАНИКУЛЯРЛЫҚ МЕКТЕП ТӘМАМДАЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстың 5 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған Виртуалдық және Каникулярлық мектеп жобалары өз мәресіне жетті. Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге дайындайтын қосымша курстарға биыл 70 бала қатысты. Олар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімін толықтырып 4 күн бойы өздерін Назарбаев мектебінің оқушылары ретінде сезініп көрді. Курсты аяқтаған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТЫ

Бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары үшін алтын ұяның соңғы қоңырауы сыңғырлады. Осыдан 6 жыл бұрын тардай болып кірген кешегі оқушылар бүгін міне, білімі мен ой-өрісі тасыған таудай жастарға айналды. Олар Елбасы атындағы оқу орынға ерекше алғыс, ықыласпен ризашылық білдірді. 12 жылдық білім беру жүйесін сәтті тәмамдаған оқушыларды мектеп қауымдастығы, ата-аналар және [...]

БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ

"Жаһандық көзқарастар және жобалық жұмыс" пәні оқу жылын қорытындылады. Мектептің 11 сынып оқушылары арасында аталған пәнді меңгеру деңгейін анықтауға арналған бейнероликтер байқауына оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Олар академиялық әділдік, ғаламдық азаматтық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қысқаметражды бейнероликтерде жан-жақты таныстырды. Адамзатқа ортақ негізгі құндылықтарды дәріптеуге арналған пәннің оқушыларға көмегі зор. Өйткені өңірлік мәселелерден бастап жаһандық [...]

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Көлеңке театры өңірде өткен XV Дельфий ойындарында топ жарды. "Сахналаған қойылым" аталымында "Менің Қазақстаным!" туындысы үздік деп танылды. Осылайша мұнайлы өлкенің жас өрендері республикалық кезеңге жолдама алып енді мектептің және облыстың намысын қорғайтын болады.

NIS-PROGRAMME АТА-АНАЛАР КӨЗІМЕН

15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы аясында мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесуде ата-аналар комитетінің мүшелері оқу орындағы NIS-programme білім беру бағдарламасы жөнінде ой бөлісіп, топтық негізде пікірлер алмасты. Ашық алаңдағы диалогта келер оқу жылына арналған ұсыныстар мен жоспарлар бекітілді.

МАТЕМАТИКАДАҒЫ ҮЗДІКТЕР

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстағы дарынды балаларға арналған оқу-орындарының 9-10 сынып оқушылары арасында математикадан "Meisters in Mathematics" байқауы өтті. Ғылымдардың падишасы пәнінен өткен олимпиадада оқушылар топта өнер көрсетті. Олар берілген тапсырмаларды жылдамдыққа шешуден, функционалдық сауаттылық және ойлау қабілеттерін сынаудан өзара сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Дарын мектеп интернаты, ІІ орынды ағылшын тілін тереңдетіп [...]