ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТ – АНАҒА ҚҰРМЕТ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінде болды. Аймақта 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталықты қазір балаларымен 4 ана паналап отыр. Олардың барлығының арманы бір - отбасында бақытты әйел, сүйікті жар болу. Өмірлік қиын жағдайда тап болған аналар үшін [...]

КОРОНАВИРУСТЫ АЛДЫН-АЛУ

Қазір әлемдегі мемлекеттер үшін өткен жылдың аяғында белең алған белгісіз вирустан азаматтарды қорғау өзекті мәселеге айналды. Бұл жағдай біздің елімізге де ортақ. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қатерлі індетті алдын-алуға бағытталған аймақтың эпидемиологиялық мамандарымен кездесу өткізілді. Дәрігерлер аурудың қалай тарайтынын және одан сақтанудың шараларын ескертті. Ұжым қызметкерлері вирус жөнінде толғандырған сауалдарына жауап алып, жақын арада алыс-жақын [...]

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУІНЕ ҚАТЫСАТЫН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

❗ТІРКЕУГЕ КЕШІККЕН ҮМІТКЕРЛЕР ТЕСТ ТАПСЫРУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ! Оқыту тілі қазақ тіліндегі үміткерлер үшін (І лек) емтиханның басталуы  ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТПЕН: - тіркелу: 07:00-08:30 - нұсқаулық: 08:40-09:00 - тесттің басталуы: 09:00 - тесттің аяқталуы: 10:30 (екінші күні 11:00) Оқыту тілі орыс тіліндегі үміткерлер үшін (ІІ лек) емтиханның басталуы  ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТПЕН:  - тіркелу: 12:30- 13:30  - нұсқаулық: 13:40-14:00  - [...]

Еліміздің үздік мұғалімдері анықталды

Нұр-Сұлтанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. Елордаға аймақтық турлар жеңімпаздары – пән мұғалімдері келді. Зияткерлік мектептердің үздік педагогтері оқытудың жаңа стратегияларын, көшбасшылық әлеуетін, IT-ресурстары мен сыни ойлауды қолдануды, ата-аналармен және оқушылармен ынтымақтастық орнатудың табысты алгоритмдерін және өзге де жетістіктерін көрсетті. Үй тапсырмасы ретінде әзірленген «Оқушылармен тілдесу» және «Ата-аналармен тілдесу» [...]

14-15 НАУРЫЗДА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСАТЫН 6-СЫНЫП ҮМІТКЕРЛЕРІ МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына түсуге арналған конкурстық іріктеуге қатысатын (оқу тілі орыс тіліндегі) үміткерлер үшін (ІІ лек) ЕМТИХАННЫҢ УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ: - тіркелу: 12:30-13:30 (жергілікті уақытпен) - нұсқаулық: 13:40-14:00 (жергілікті уақытпен) - тесттің басталуы: 14:00 (жергілікті уақытпен) - тесттің аяқталуы: 15:30 (екінші күні: 16:00) (жергілікті уақытпен) Оқыту тілі қазақ тіліндегі үміткерлер үшін (І лек) [...]

«АБАЙ ӘЛЕМІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ

Қазақтың данышпан дана ақыны, ұлы гуманист Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты ғылыми–танымдық жобасының ашылуына арналған мектебімізде салтанатты жиын өтті. Бұл жоба 14 ақпан пен 14 сәуір аралығында өтеді.  Жоба мақсаты: ұлтымыздың рухани дүниесіндегі шоқтығы биік қайталанбас дара туындылар болып табылатын қазақтың аса көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту [...]

Зияткерлік мектепте Еріктілер жылы бастау алды

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдауға арналған шараға білім ордасының оқушылары, ұстаздары мен өңірде бірнеше жылдан бері ерікті болып жүрген белгілі азаматтар жиналды. Мектеп директоры Құралай Ахмадиева қатысушыларға еріктіліктің қазіргі қоғамдағы өзектілігіне тоқталды. Ол волонтерлік қызметтің ұлттық дәстүрімізге жат емес екендігін және күні бүгін заманауи [...]

2020 жылғы маңызды атаулы іс-шаралар аясында мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған семинар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауында 2020 жыл- еріктілер жылы деп бекітті. Мемлекет басшысы 2020 жылдың маңызды мерейтойлары мен елеулі оқиғаларын жариялады:  • Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы. • Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. [...]

ІІ-ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылының ІІ-тоқсанына арналған дәстүрлі жиынға ата-аналар үлкен қызығушылық білдірген. Жәрмеңке форматында ұйымдастырылған жиналыста әрбір ата-ана баласының оқу үлгерімі туралы пән мұғалімдерімен жекелей тілдесуге және ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Республикалық ғылыми-зерттеу конкурсының Бас жүлдесі Атырауда

Атыраудағы Зияткерлік мектептің 7-сынып оқушылары Азиза Абатова мен Дильназ Мүбарак оқушылардың республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауында Бас жүлдеге ие болды.   «Апельсин қабығынан тыңайтқыш» атты ғылыми-зерттеу жобасы жүздеген жұмыстардың арасында үздік деп танылды.   Экологиялық ахуалды оңалтуға ұсынылған зерттеу жобалары ғылым саласында сұранысқа ие. Атыраулық оқушылар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбын көтерген. [...]