NIS-PROGRAMME АТА-АНАЛАР КӨЗІМЕН

15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы аясында мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесуде ата-аналар комитетінің мүшелері оқу орындағы NIS-programme білім беру бағдарламасы жөнінде ой бөлісіп, топтық негізде пікірлер алмасты. Ашық алаңдағы диалогта келер оқу жылына арналған ұсыныстар мен жоспарлар бекітілді.