САРБАЗДАР КЛУБЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының бесінші оқу тоқсаны, екі аптаға созылған Жазғы мектеп курсы аяқталды. Оқушылардың алған білімін толықтыруға және тексеруге арналған қосымша білім беру бағдарламасында гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден дәрістер өтті. Жазғы мектептің салтанатты жабылу рәсімінде мектептің әскери-патриоттық клубы жаңа мүшелерін таныстырды.