Халықаралық аккредитация

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРЫ

 CIS_Base_normal_DS

         CIS (Халықаралық мектептер кеңесі) халықаралық акредиттеу кезеңдерінен өту үдерісі мектепте 2015 жылдың сәуір айында басталды. Оқу жылы басталмас бұрын мүшелікке өткізу сапары аясында CIS-ке зерттеу үшін мектеп жұмысы бойынша есеп жасақталып жіберілді. Эксперт Грэм Рейнджер (Graham Ranger) сапары 2015 жылдың 15-16 қазан аралығында өтті. Мектеппен таныстыру кампусы, педагогикалық ұжыммен, мектеп әкімшілігімен, оқушылармен, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Эксперт сабақтарға қатысты, мұғалімдердің шығармашылық зертханаларына, мектеп жанындағы жатақханаға кіріп шықты. Мектеп қызметкерлері үшін презентация жүргізілді. Сапардың қорытындысы бойынша есеп жіберілді.

         2017 жылдың қыркүйек айындағы жағдайға сәйкес педагогикалық ұжымнан және көмекші қызметкерлерден жұмыс топтары құрылды, стандарттар бойынша көшбасшылар тағайындалды.

         2016 жылдың 12-15 сәуір айында CIS эксперті Грэм Рейнджер (Graham Ranger) (Голландия) және Штутгарт Халықаралық мектебінің бастауыш мектебі директорының орынбасары Пол Моррис (Paul Morris) (Германия) аккредитациялаудың алғы сатысы аясында мектепке келді. Стандарттар бойынша дәлел қорының презентациялары ұйымдастырылып, жұмыс топтарымен, ӘБ жетекшілерімен, педагогтармен, кураторлық қызметпен, Қамқоршылық кеңесінің өкілдерімен, оқушылармен, ата-аналармен кездесулер жүргізілді.

         Әрбір стандарт бойынша дамытуды қажет ететін салалар анықталды, оларды жетілдіру жұмыстары 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдарында жалғасын табады.

         Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – мектептерді аккредитациялау және озық оқыту әдістерін әзірлеуге қатысатын ірі халықаралық білім беру жүйесіндегі ұйым. CIS әлемдегі халықаралық білім қоғамдастығының коммерциялық емес ұйымы болып табылады, ол 112 мемлекеттен 697 мектеп, 508 университетті және колледждерді қамтиды. Білім берудің жалпы әлемдік мазмұны мен стандарттарын, бастауыш, жоғары мектеп, арнаулы білім салаларына ықпал етуші халықаралық ұйым 12 жылдық білім беру бағдарламасының сапалы, сәтті нәтижесін дәлелдеді. Халықаралық мектептер кеңесі әлемнің үздік 50 ЖОО-мен жұмыс істейді.

 

CIS Халықаралық мектептер кеңесінің ресми сайты: www.cois.org