Атаулы күнмен тұспа-тұс келген тілдер күніне орай Атыраудағы NIS-те ана тілге құрмет көрсету сабағы өткізілді. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ана тіліміздің зерттеушісі, ғұлама Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбегі жайында дәріс оқыды. Оқушылар топқа бөлініп, мәдениет пен тарих, білім мен ғылым саласында тілдің атқаратын қызметі жайында ой бөлісті. 
 
Тілдер күні мерекесі аясында Атыраудағы зияткерлік мектепте тіл мамандары оқушылармен қызықты викториналық ойындар өткізуде. Мәселен, бүгін, үлкен үзілісте мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері балалардың білімін тексеру мақсатында көңілді кездесу өткізді. Олар оқушыларға сөзжұмбақтар ұсынып, жылдамдыққа жауап беруден мықтыларды анықтады. Үздік қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, орыс тілін жетік меңгергендерін дәлелдеді.