7-сынып оқушылары мектепке дайындық апталығына қатысты. Олар мектеп қабырғасындағы түрлі үйірмелер қызметімен танысты. Жетекші ұстаздар әр үйірменің негізгі бағытын айтып, көрсетіп, түсіндіріп берді. Анығында, көлеңке театрынан үзінді қойылып, домбыра,қобыз, вокал, би үйірмелері, мектеп телестудиясы қызметі көрсетілді. Енді өнер мен шығармашылыққа жаны құмар оқушылар өз қалалулары бойынша түрлі шығармашылық сабақтарға белсен қатысатын болады.