Атырау қаласындағы NIS-те 7-сыныпқа жаңадан қабылданған оқушыларға бағдар беру апталығы басталды.
Бірінші күні оқушылар үшін мектеп айналасына, ішіне қызықты экскурсия ұйымдастырылып, балалар мектептің оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысып, ұстаздармен және сыныптастарымен кездесті.

Тіпті, түрлі пәндер бойынша алғашқы есте қаларлық кіріспе сабақтарына да қатысып үлгерді. Еркін форматта өткізілген қызықты сабақтар барысы оқушылардың көңілінен шықты. Бағдар беру апталығы 31 тамызға дейін жалғаспақ.