«Ауылдық елді мекендердегі негізгі мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Атыраудағы NIS-те ауыл мектептері мұғалімдеріне арналған аймақтық оқыту семинары өтті.

Оған Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының ұстаздары қатысты. Спикерлер «Бастауыш мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру», «Оқушылардың цифрлық сауаттылығын, зерттеу дағдыларын қалыптастыру», «Коммуникативті дағдыларды дамыту және CLIL аспектілері» тақырыптарында ой өрбітіп, тың тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, түрлі эксперименттік, практикалық жұмыстар қатысушыларға ерекше серпін берді.