Теміртау қаласында жасөспірімдер арасында жүзуден ҚР чемпионаты өтті. 18 команда мен 300 спортшы қатысқан сайыста атыраулық команда жалпы есепте 14 марапат (8 алтын, 4 күміс, 2 қола) алған болатын.
 
Атыраулықтарға жеңіс сыйлаған құрамда Атыраудағы NIS оқушысы, жас спортшы Арман Аманбай да бар. Ол бұл додадан үш бірінші, екі екінші және бір үшінші орын жеңіп алды.
 
Қатысушылар жүзудің брасс, құлаштап (кроль) жүзу, эстафеталық құлаштап жүзу, кешенді жүзу, аралас жүзу сынды түрлерінен бақ сынады. 7 жыл бойы дәл осы српорт түрімен тұрақты шұғылданатын Арман үздіксіз дайындықтың арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізді.