Жуырда Атыраудағы NIS бастамасымен облыстық жас математиктер байқауы өткізілген болатын. Сол білім аламанында Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылынан келген кішкентай Данил 1-орын иеленіп, қуанышы қойнына сыймай тұрған еді. Дәл сол жеңімпаз атанған сәтте алақандай ғана ауылдың қарадомалақ баласы өзіне: «Мен де NIS-те оқимын» деп серт беріпті.
 
– Араға аз ғана айлар салып, оқуға түсуге құжат тапсырдым. Жақында ғана қабылдандың деген хабарды естіген сәтте, қуанышым қойныма сыймады. Мен өзіме берген сертімде тұрдым! – дейді кішкентай ғана табанды жігіт.
 
Данил әуел бастан-ақ есепке жүйрік. Үйде арыстай 4 ағасымен, ата-анасымен бірге тұрады. Алдыңғы буын ағалары да дәл осы математикалық, техникалық бағыттарды таңдаған соң, кенже ұлдың да сол бағытқа бет бұрып, икемді болары заңдылық шығар, бәлкім?!
Ауыл баласы ағылшын тіліне де қазірден-ақ судай. Тіпті, тілге деген қызығушылығы сонау 1-сыныптан басталыпты. Қазір кез-келген шетелдікпен еркін тілдесе алатындай деңгейде. Биыл ғана облыстық пәндік олимпиадаға ағылшын тілінен қатысып, 1-орын иеленіп, республикаға жолдама алған.
 
Данил сондай-ақ ағылшын тіліндегі оқулықтарды, кітаптарды оқығанды ұнатады. Сурет салуға деген қызығушылығы да жоқ емес. Қай істі тапсырсаң да дөңгелетіп әкететін тиянақтылығы, зеректігі оны әлі талай шыңға жетелері сөзсіз.
Зейінді баланы Атыраудағы NIS те құшақ жая қарсы алуға дайын. Жарайсың, Данил!