Атыраудағы NIS-те мектептің жаңа Президентін сайлау науқаны қызу өткізілді. Бұл жолы екі үміткер арасындағы мектепішілік сайлау зор жігерлілік пен бәсекелестік жағдайында өтті. Екі үміткер де мектепті дамыту үшін әртүрлі идеялар ұсынып, оқушылардың назарын аударуға тырысты. Олар белсенді түрде сайлауалды шаралар жүргізіп, өз жоспарларын анық жеткізу және қолдау алу мақсатында оқушылармен және мұғалімдермен пікірталастарға қатысқан болатын.

Қарқынды күрестің нәтижесінде Димаш Амангелдин 158, ал, Батырхан Есенов 118 дауысқа ие болып, нәтижесінде Димаш мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті атанды.

Айта кетер болсақ, Димаш Амангелдин бұған дейін де түрлі салаларда ерекше белсенділігімен, жетістіктерімен танылып үлгерген оқушы. Анығында, ол мектептегі фотосурет клубының жетекшісі, жуырда ғана өткізілген үздік мобилограф байқауының жеңімпазы, карате, баскетбол жарыстарына да жиі қатысып тұрады.

Енді ол мектеп ұжымында оқушылардың мүддесін қорғап, түрлі мәнді іс-шаралардың ұйытқысы болады деген үміттеміз.
Бір қызығы, биылғы қос үміткер де

“Оқжетпес” шаңырағының оқушылары. Бұл шаңырақ мектеп тарихында бұған дейін де екі Президент түлетіп үлгерген.