11 сынып оқушысы Димаш Амангелдин мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті ретінде мектеп ұжымы мен оқушылары алдында ант беру рәсімін өткізді. Сондай-ақ, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының су жаңа өкілдері де анықталды.

Айта кетер болсақ, «Оқжетпес» шаңырағының оқушысы Димаш Амангелдин бұған дейін де түрлі салаларда ерекше белсенділігімен, жетістіктерімен танылып үлгерген оқушы. Анығында, ол мектептегі фотосурет клубының жетекшісі, үздік мобилографтар байқауының жеңімпазы, карате, баскетбол жарыстарына да жиі қатысып тұрады.

Енді ол мектеп ұжымында оқушылардың мүддесін қорғап, түрлі мәнді іс-шаралардың ұйытқысы болмақ.