Бұл жолы «Махамбет» шаңырағының мүшелері «Бекзат» кинофильмін қарауды ұсынды.

Бекзат Саттарханов – аты аңызға айналған қазақстандық боксшы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. Кино 2019 жылы жарық көрді. Бұл шығарма Бекзаттың балалық шағын, спортқа баули бастаған кезеңін және өмірінің соңғы сәттерін қамтиды.

Сынып сағатында оқушылар фильм трейлерін көрсетіп, кино бойынша көрініс және quiz ұйымдастырды. Оқушылар бастамасымен көрсетілген көрініс жиылғандарға ерекше әсер сыйлады.