Атыраудағы NIS-тің педагогикалық ұжымы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS педагог-психологы Аманова Жанат Шакуқызымен кездесті. Келелі жиында кейс-менеджменттің білім саласына баланың оқудан ерте шығып кетуінің алдын алу құралы ретінде енуі сынды өзекті тақырып қаузалды.

Маман өз сөзінде кейс-менеджменттің бастапқы стандарттары мен кезеңдеріне тоқталды.
Баланың қажеттіліктері мен күшті жақтарын бағалау құралдарына, жеке қолдау жоспарын құруға баса мән берілді. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттар барысында кешенді көмек көрсетуге даяр тұратын мультидисциплинарлы команда қызметі де анық түсіндірілді.
Жанат Шакуқызы бұл тәсіл балалар мен олардың отбасыларының амандығын басты назарда ұстауға зор септігін тигізетіндігін айрықша атап өтті.