Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кәсіптік бағдар берушілері өз бастамаларымен, сондай-ақ, Корея Республикасы елшілігінің жанындағы білім беру орталығы қолдауымен Оңтүстік Кореяның жетекші университеттеріне алғашқы кампус-турын өткізді.
Кәсіптік бағдар берушілер арнайы ат басын бұрған оқу ордалары қатарында Korea University, Kangwon National University, Yonsei University, University of Seoul, Seoul Women’s University, KAIST, Woosong University сынды білім ошақтары бар.

Олар жоғары оқу орындарының кампустарына барып, қабылдау комиссиясымен байланыс орнатты. Сондай-ақ, еліміздегі шетелдік студенттердің өмірімен танысып, Оңтүстік Кореяның жас ғалымдар мен болашақ көшбасшыларға ұсынатын мүмкіндіктерін бағамдады.
«Жуырда Оңтүстік Кореяға жасаған сапарымда мен осы елдің жетекші университеттерін зерттеуге ерекше мүмкіндік алдым. Кез-келген университет мені өзінің заманауи инфрақұрылымымен және академиялық атмосферасымен таң қалдырды.

Корея – қазіргі заман мен дәстүрдің таңғажайып үйлесімі. Бұл атмосфера университет кампустарынан да көрініс тапқан. Мұндағы студенттер академиялық жетістікке ұмтылып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін бай мәдени ортаға ие.
Корей университеттері инженерия, ақпараттық технологиялар, медицина және өнер саласындағы мықты бағдарламаларымен танымал. Профессорлармен және студенттермен кездесулер барысында мен ғалымдар мен студенттер арасындағы белсенді өзара іс-қимыл білім беру процесінің негізгі элементі екенін білдім. Бұл білім мен идеялардың алмасуына ықпал етеді, бұл түлектерге тез өзгеретін әлемге сәтті бейімделуге мүмкіндік береді.

- Менің Оңтүстік Кореяға сапарым осы елдің мәдениеті мен білім беру ортасын тереңірек тануға мүмкіндік беретін ұмытылмас тәжірибе болды. Корея университеттері академиялық бағдарлама деңгейімен және мәдени байлығымен таң қалдырады. Мен олардың әртүрлі салаларда жетістікке жетуге ұмтылатын болашақ студенттер үшін тамаша мүмкіндіктер беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Атыраудағы NIS-тің кәсіби бағдар беру кеңесшісі Эльмира Нұрғалиева.