Осындай тақырыппен өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымындағы тамыз конференциясының алғашқы күні сәтті аяқталды.
 
Дәстүрлі кеңес барысында “Негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған NIS-Programme білім беру бағдарламасын жүзеге асыру” тақырыбында мұғалімдерге, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтері, педагог-кітапханашыларға, педагог-психологтерге, кәсіптік бағдар беру кеңесшілеріне, сондай-ақ, медицина қызметкерлеріне арналған тәжірибелік онлайн-алаң қызмет етті.
 
Жиын барысында оқушылардың әл-ауқатын арттыру үшін мектеп қоғамдастығында тәрбие процесін ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету арқылы оқушылардың әл-ауқатын арттыру, оқушылардың тұрақты дамуы мен эмоционалды әл-ауқатын көтеруде кітап оқудың рөлі, жеке және қоғамдық қауіпсіздік, зияткерлік мектептердің оқушыларына қолдау көрсету үшін цифрлық психологиялық қызметтерді интеграциялау, зияткерлік мектебінің педагог-психологінің жұмысында электрондық әдістемелік орталықты қолдану, зияткерлік мектептерде кәсіптік бағдар беруді дамыту және жетілдіру жолдары, мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілдері сынды тақырыптар талқыланып, тиімді кейстер, ұсыныстар айтылды.
Атыраудағы NIS қызметкерлері де келелі кеңес барысындағы ақпараттарға қанығып, белсенді қатысты.