Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үйсіз жануарларға көмек көрсету бойынша еріктілер қозғалысының белсенділерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қозғалыс жетекшісі Елена өзінің қызметі жайында айтып берді. Төрт аяқты мақұлықтарды қорғау бойынша еріктілер қозғалысының жетекшісі жануарларға көмек көрсету аясында қандай жұмыстар атқарып жатқаны туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.