«Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында 12 D сынып оқушылары Алуа Сәрсенова, Амира Төлегенова, Аружан Тасқынғали және Томирис Кушекенова «Ақниет» балабақшасына барып, «My Family» тақырыбында ағылшын тілі сабағын өткізді.

Балалармен қызықты ойындар легі ойнатылып, көңілді әндер шырқалды. Ең бастысы, балалардың сөздік қоры жаңа сөздермен толықты.