Осындай атаумен Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де “Ұлы дала ақындары” жобасы аясында ақын Т.Айбергеновтың туғанына 85 жыл толуына орай тәрбиелік шара өткізілді.

Жиын барысында жастайынан шығармашылыққа әуестенген ақынның туындылары таныстырылып, танымал шығармаларына талдау жасалды.

Сондай-ақ, Т.Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазба көрсетілді. Қазақ әдебиеті мен тарихты насихаттау мақсатында өткізілген шарада оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттері артты.