Атырау қаласындағы NIS-те химия-биология апталығы аясында 7-сынып оқушылары арасында ғылыми жәрмеңке өткізілді.
Оқушылар адам ағзасындағы бұлшықеттер қалай жұмыс жасайтынын, сондай-ақ, кесілген гүлдерді жас күйінде сақтаудың ең жақсы жолы қандай екендігін ғылыми деңгейде зерделелеп, жұмыстарының нәтижесін ұстаздар назарына ұсынды. Жобалар жетекшілер тарапынан оң бағаланды.