Жуырда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиада өткізілген болатын.
Оған Атыраудағы NIS-тің 11-сынып оқушысы София Аманжан қатысып, «күміс» иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты. Софияны экономикаға ұстазы Қазыбек Ғазизұлы баулыды.
– Мені экономика қызықтырады, сондықтан мен экономиканы болашақ мамандық ретінде әлдеқашан таңдап қойдым. Содан бері мен қосымша түрлі экономикалық жобаларымен айналысып келем. Экономика өте қызықты және қажет сала, өйткені іс жүзінде барлық басқа салалар онымен байланысты. Мысалы: инвестициялардың, жобалардың, өндірістердің, банкингтің, сауданың, мемлекеттік қызметтердің макро жене микро компоненттері және т.б. тікелей мен қалаған саламен байланысты.
Мен бұл саланы тереңірек зерттеп, болашақта ел экономикасына өз үлесімді қосқым келеді. Ұстазым Қазыбек Ғазизұлына осындай мүмкіндік пен дайындыққа көмектескені үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі жетістігім – тек бастамасы ғана, – дейді жүлдегер оқушы.