Атыраудағы NIS-тің 8-сынып оқушысы Кәрім Мұхаммеджан жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында өткен халықаралық ментальді арифметика жарысына қатысып, чемпион атанып, «алтын» жеңіп алды.

– Мен 2-сыныптан бастап ментальді арифметикамен айналысамын. Бұған дейінгі қоржыным құр емес. Түркиядан, Египеттен олжалы оралған сәттерім де болды. Бұл салада жүлдегер атану оңай болған жоқ, дегенмен, табандылық пен ерік-жігер қалаған биігіңе жетелейтініне көзім жетті, – дейді чемпион.

Біз де зерек оқушымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!