Атыраудағы NIS-те NIS Challenge зияткерлік ойыны сәтті мәресіне жетті. Биыл екінші рет өткізілген дәстүрлі зияткерлік ойынды NIS Alumni қауымдастығы ұйымдастырған болатын.
 
Түлектер мен оқушылардың басын біріктірген ерекше шара арқылы түлектер қамсыз балалық шаққа, мектеп кезіне қайта оралып, айрықша әсерге бөленді.
 
Бұл жолғы ойынға бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде ғана емес, шет мемлекеттерде де білім алып, қызмет етіп жүрген 30 түлек қатысты. 9 командаға бөлінген олар мектеп оқушыларымен бірге құрама командалар ретінде бірігіп, сан қилы бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, бақ сынасты.
Жеңімпаз командалар түрлі сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрлі дода алдағы уақытта да жалғасын таппақ.