Жуырда Атырау қаласында дәстүрлі «Atyrau marathon VI», яғни, жүгіруден кезекті қалалық марафон өтті. Оған Атыраудағы NIS-тен тәлімгер Бақытгүл Әділбекқызы мен химия пәнінің эксперт ұстазы Рахымжан Қосанов, сондай-ақ, 12-сынып оқушысы Диас Сейіткерей қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
 
42 шақырымдық жүгіру марафонына қатысқан Рахымжан Қосанов мәреге 12-ші боп табан тіреді.
Спорттық шараларға белсене атсалысып, салауатты өмір салтын серік еткен әріптестеріміз бен оқушыларымыз – біздің мақтаныштарымыз.