Атыраудағы NIS-те «Ұлы дала ақындары» жобасы аясындағы «Менің елім» облыстық Жұмекен оқулары өтті. Жыл сайынғы дәстүрге айналған шараға Атырау аймағының түкпір-түкпірінен, анығында, аудандардан, қала орталығынан 61 оқушы қатысты қатысты. Оларға облыстың білім саласында өзіндік орны бар абыройлы әділ қазылар алқасы төрелік етті.
Сонымен, жарты күн бойғы жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде иеленген оқушылар тізімімен таныс болыңыздар: «Қалтқысыз сыр, қайсар жан» атты Жұмекен шығармашылығын зерттеу бағыты бойынша Атырау қаласындағы Амангелді орта мектебінің оқушысы Хамит Ұлшат;
«Ақ боз атпен ақ бұлтты аралаған» атты эссе жазу жарысында ұлттық гимназия оқушысы Малика Мухаммедрахимқызы;
«Жұмбақ Жұмекен» атты ақын шығармаларын иллюстрациялау бағыты бойынша №38 мектеп-лицейінің оқушысы Асыл Сагидуллаева;
«Арқалы жырдың тұғыры» атты көркем сөз шеберлерін анықтау бағыты бойынша Исатай ауданындағы Гагарин орта мектебінің оқушысы Мұхаммедғафур Талғатұлы бас жүлде иеленді.