«Компьютерлік сауаттылықты оқыту. Әлеуметтік желілердің қыр-сыры» тақырыбында «Алтын Емел» шаңырағы оқушылары «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында кезекті шарасы өткізілді.
Ақпараттық технологиялардың даму заманында әжелерімізге жаңа бағдарламалардың қыр-сырын оқушылар практикада көрсетті.
Практика барысында оқушыларымыз топқа бөлініп, бір топ мүшелері Google-ден ақпаратты іздеуді үйретсе, келесі топ мүшелері Facebook парақшасында пост жазуды көрсетті. Әжелеріміз WhatsApp желісі бойынша қиындық тудырған сұрақтарына жауаптарын алды.
Кешті мың бұралған бишілер жалғастырып, ерекше көңіл-күй сыйлады.