Қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Атыраудағы NIS-те «Мұқағали – поэзия тұлпары» атты интернет байқауы ұйымдастырылған болатын. Сайыстың ерекшелігіне сай, негізгі үш бағыт бойынша сынға түскен оқушылар арасынан жеңімпаздар фейсбук желісіндегі парақша қолданушыларының дауыс берулері арқылы анықталды.
Жеңімпаздар есімдерімен таныс болыңыздар:

Алғашқы «Жырлайды жүрек» бағыты бойынша Байарыс Рахметов, «Мен өмірімді жырлау үшін келгенмін...» атты екінші бағытта Мақсат Жұмабай мен Дәулет Амангелді, сондай-ақ, «Мұқағали туралы деректер» атты үшінші бағыт бойынша Бекарыс Қуаныш жүлделі бірінші орынды иеленді!

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Сайыс барысында Мұқағали жырларын, шығармашылығын дәріптеуге атсалысқан оқушылар мен оларға әділ баға берген әлеуметтік желі қолданушыларына мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.