Атырау қаласындағы NIS-те адамгершілік, қамқоршылық, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы жалғасуда.
 
Оқушылар «Talento» балабақшасының дайындық топтарына барып, сабақ өткізді. Анығында, 10-сынып оқушылары Томирис Жакупова, Нұрайым Нұралы, сондай-ақ, Сабина Тажиева ағылшын тілінде «Animals» тақырыбында, ал Аделина Аманжол, Медина Қанатқали, Ақнұр Ізімберген қазақ тілінде «Ұлттық аспаптар» тақырыбында қызықты ойын түрінде сабақ жүргізді.